ADK СОО «Акварель» отбасылық кешеніне тиіп тұр. Сіздің ең танымал брендтерге бай сәнді бутиктер әлеміне тап болуыңыз үшін 1 минут жеткілікті! Көпзалды кинотеатр, балалар атракциондары паркі, түрлі дәмхана мен таңдаулы өнімдердің алун түрі бар гипермаркет мінсіз шопингті одан сайын толықтыра түседі!
Сіздің жаңа үйіңізден 2 минуттық жерде өзенді бойлай серуендеу терренкуры мен жағалаудағы жайлы саябақ орналасқан – кенепке сұранып тұрған пейзаж! Достармен көңілді сейіл, серуен мен балалармен бірге шулы ойын ойнау, таңертеңгілік жүгіру мен таза ауада спортпен шұғылдану – осының барлығы Сіз үшін!
«Акварельден» 10-15 минуттық жерде орын тепкен мектептер мен колледждер, білім беру және тіл үйрету курстары, ерте дамыту орталықтары мен шығармашылық студиялар өскелең ұрпақтың жан-жақты сапалы білімді үйден алысқа ұзамай-ақ алуына, ал сіздің оқу барысын жіті бақылауда ұстауыңызға мүмкіндік береді!
Жанға жайлы 10 минуттық серуен жасасаңыз Наталья Сац атындағы жас көрермендер театрынан бір-ақ шығасыз. Ол – театр құмарлардың культттік орны және балаларды өнерге баулудың тамаша мүмкіндігі. Балалар спектакльдері, белгілі театрлардың гастрольдері мен шағын сахна маусым мен маусым аралығында естен кетпес сезімдер сыйлайтын болады!