Ұшар басы биік көлеңкелі ағаштар, декоративтік бұталар мен гүлдер саябақтағы серуен сіз бен сіздің отбасыңызды ерте көктемнен сары күзге дейін қуантатындай етіп орналастырылған. Алма түстес көктем, түймедақ түстес жаз, алтынға оранған күз бен ақтүсті кәсей киген қыс – үйіңнің табалдырығының алдындағы жеке саябақтан артық не болуы мүмкін!
Сіздің жеке саябағыңыздағы сансыз жайлы, көлеңкелі орындары табиғаттың рахатына бөленуге шақырады. Үйден алысқа ұзамай-ақ отбасыңызбен сейіл құрыңыз! Жеңіл тіскебасар мен жеміс салынған себет, ағаштардың көлеңкесінде шөпке төселген мамық жылы орамал, көңілді орта – мұндағының барлығы сіздің балаларыңызбен бірге уақытты жақсы өткізуіңізге арналған.
Сіздің жеке саябағыңызда спорттық, салауатты өмірге қажеттінің барлығы қарастырылған! Жүгіру жолақтары, заманауи көшеде жаттығу құралдары, табиғат аясында релаксация жасауға арналған орындар – осының барлығы арнайы СІЗ үшін! Күнді жүгіруден бастап, бір сағатты workout-қа арнап, таза ауада йогамен айналысыңыз – таңдау өзіңізде!
Жарқын, заманауи ойын алаңдары – бұл сіздің балаларыңызға арналған тұтас бір ертегі елі! Гаджеттер үйде қалып, ұмытылып кеткен жасырынбақ, доп, қарақшылар ойындары балалар еліне міндетті түрде қайта оралатын болады! Себебі, кең де сырт көзден таса, қауіпсіз аула – белсенді ойын үшін таңдаулы орын!